Ақтөбе қаласында автокөлік жарға құлап кете жаздады

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 13 июня 2025 15:31
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданында Қарғалы өзені жағасындағы жартаста автокөлік жарға құлай жаздаған, - деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Көлік ішінде адам болды. ТЖМ құтқарушылары көлікті бекітіп, қауіпсіз жерге шығарды. Жүргізуші құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады.


«ТЖМ су айдындары маңында, әсіресе көшкін немесе жар құлау қаупі бар аумақтарда көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews