Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шара өтеді

Хабаршы фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 12:14
Фото: Хабаршы

Ақтөбе қаласында 2025 жылы 22-28 маусым аралығында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына Қазақстаннан және шет елден келген мыңнан астам патриот қатысады.


«Айбын» жиынының басты идеясы – рухани құндылықтарды сақтау, озық дәстүрлерді нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews