Ақтау маңы ұшақ апаты: тергеу қалай жүруде?

Маңғыстау фото на taspanews.kz от 23 мая 2025 18:44
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Бірнеше ай өтті, алайда апаттың себептерін анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz. Тергеуді Қазақстан тарапы жүргізуде.


Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді Бұл қайғылы оқиға әлі күнге дейін қаза тапқандардың туыстары мен әуе қауіпсіздігіне алаңдайтын жандарды мазалауда. 2024 жылдың желтоқсан айының соңында Баку –Грозный бағытында ұшып келе жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы төтенше жағдайға тап болып, Ақтау әуежайының маңында шұғыл қонуға тырысқан.


Алайда, ұшақ қона алмай, апатқа ұшыраған. 38 адам қаза тапты. 29 адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Министр тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып өтті.


«Тергеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен біз барлық айғақтар мен материалдарды жинадық. Қазіргі таңда біз оларды мұқият талдап жатырмыз»,  – деді министр. 

 Яғни, мамандар оқиғаның толық бейнесін қалпына келтіруде. Министрдің айтуынша, ақпаратты мейлінше толық жинау үшін қазақстандық тергеушілер мен сарапшылар шетелдік әріптестерімен бірге Баку, Грозный және Ростов-на-Донуда болған. Олар әуе компаниясы өкілдерімен, техникалық қызметтермен кездесіп, құжаттарды зерттеген.


«Ұшақтың барлық сынықтары мен бөлшектері Қазақстанда. Олар – бұл жұмбақты шешудің кілті. Сарапшылар техникалық ақаулардың бар-жоғын анықтап, апатқа себеп болуы мүмкін бұзылу белгілерін іздеуде», – деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, тергеу әзірге нақты қорытынды жасауға дайын емес. Дегенмен жұмыс қарқынды жүруде. Министр бәрі анықталғанда, барлық ақпарат ресми түрде жарияланатынын уәде етті.


Следите за новостями Taspanews