Ақсу қаласында терезеден секірмек болған ер адам құтқарылды

Фото: Depositphotos
Павлодар облысы, Ақсу қаласында көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған, пышақ ұстаған ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ құтқарушылары ер адамды тыныштандыруға тырысты. Сол мезетте басқа құтқарушылар пәтердің есігін ашуды қолға алды. Терезеге дейін сатымен көтерілген құтқарушылар қолайлы уақыт туғанда ер адамды ішке қарай итеріп жіберді.
Адам өмірін сақтап қалу сәтті өтті.