Ақмола облысындағы автотрассада есірткі тасымалдаушы ұсталды

Фото: ҚР Ұлттық ұланы
Ақмола облысы, Талапкер ауылының маңындағы автотрассада өңірлер аралай есірткі тасымалдайтын курьер ұсталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ұлттық ұланына сілтеме жасап.
Тексеру барысында оның Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі тасымалдағаны анықталды.
Көлікті тексеру кезінде сөмкесінен мефедрон есірткісі табылған. Жалпы салмағы – 1 кг.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жеке басы туралы ақпараттан оның бұрынырақ математика мұғалімі болғаны белгілі. Іс бойынша қажетті шаралар қолданылуда.