Ақмола облысында су тасқынының алды алынды
Фото: ҚР ТЖМ
Ақмола облысының Ақкөл ауданында 5 күн бойы су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жарлыкөл көлінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенді су басу қаупі туған. Ақмола мен Қарағанды облыстары ТЖД және әскери қызметшілері бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізді.
40 тонна инертті материал жеткізіліп, соңғы тәулікте 20 мың текше метр су сорылды. 5 мың қапшық төселді. Тиісті жедел шаралар қабылданды.