Ақмола облысында 9 жылқы тасқын су ортасында қалып қойған

Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысындағы Есіл өзені деңгейінің жоғарылауынан 9 жылқы су ортасында қалып қойған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Жылқылар пилотсыз ұшу аппаратымен іздестірілді. Құтқару жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен ТЖМ қызметкерлері қатысты.


Құтқарушылар қайықпен жетіп, табынды құрғақ жерге айдады.