Ақмола мен Павлодар облыстарындағы кей жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Фото: Pexels
2025 жылы 18 сәуір күні сағат 22:00-де ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қазақстанның кей жол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖол сілтеме жасап.
Минус шамасындағы температура жағдайында жолдарда ылғалдылық пайда болды. Осының салдарынан Ақмола мен Павлодар облыстарындағы кей жол учаскелері шектелді.
Ақмола облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 130-200 шақырым аралығы (Балықты ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек." автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды ашу 2025 жылы 19 сәуір күні 01:00-ге жоспарланды.