«Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт сөндірілуде

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 14:08
Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысы «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватында қамыстың жануын сөндіру жалғасуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт 1 510 гектар алаңда оқшауланды. Авиация арқылы өрт сөндіру жану ошағына жету қиындығы, желдің бағыты мен жылдамдығының кезең-кезеңімен ауысуы мен айналаны көрудегі шектеулер есебімен қиынға түсуде.


Ауадан өрт сөндіру жалғасуда. Бүгін 25 рет су төгілді. Өрт басталғаннан бері 186 тонна су жіберілді.


«Өрттің таралуына жол бермеу үшін өрттің жиектерін жырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ашық жанусыз қамыс бықсып жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, өрт 13 маусымда басталған.


Следите за новостями Taspanews