Air Astana Таяу Шығысқа рейстерін қайта қосты

Фото: Pexels

Air Astana компаниясы Таяу Шығыстағы атыстың тоқтатылуына байланысты 25 маусымнан бастап өңірге әуе рейстерін қайта жіберуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Өңірге ұшу Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асады. Жергілікті уақыт бойынша келесі рейстер орындалады:


KC205 Астана-Дубай, 11:00


KC206 Дубай-Астана, 16:40


KC653 Алматы-Доха, 11:00


KC654 Доха-Алматы, 15:05


KC897 Алматы -Дубай, 11:15


KC898 Дубай-Алматы, 16:10


Сонымен қатар, KC8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17:40-та репатриациялық рейс орындайды.


Рейстерге билеттер сатылымда.