Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді жібермеуін ұзартты

Pexels фото на taspanews.kz от 23 июня 2025 22:02
Фото: Pexels

24 маусым, сейсенбі күні Астана мен Алматыдан Дубайға, сондай-ақ Шымкенттен Дохаға жоспарланған рейстер тоқтатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Air Astana сілтеме жасап.


Әуе компаниясы жүзеге аспайтын рейстердің жолаушыларына билеттерді тегін қайта брондау немесе толық ақшасын қайтару мүмкіндігі берілетінін жеткізді.


Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі күрделі жағдайға байланысты Таяу Шығыс елдеріне сапар шегу туралы шешімді мұқият ойлап қабылдауға кеңес берді.


Следите за новостями Taspanews