Air Astana Черногорияға тікелей рейстер ашады

pixabay.com фото на taspanews.kz от 22 мая 2025 10:21
Фото: pixabay.com

Енді Қазақстаннан Черногорияға жету бұрынғыдан да оңай. Air Astana әуе компаниясы Балқан түбегіндегі ең көрікті елдердің бірі — Черногория астанасы Подгорицаға тікелей рейстерді іске қосады, - деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Қашан және қайдан ұша аламыз?


Алматыдан – 7 маусымнан бастап


Астанадан – 8 маусымнан бастап рейстер іске қосылмақ.


Енді ұшу кезінде ешқандай ауысып міну, ұзақ күту қажет емес.


Визасыз бару мүмкіндігі


Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Визасыз режим 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Сондықтан демалысты күзге де, Жаңа жылға да еркін жоспарлауға болады.


Черногория – бұл:


тап-таза Адриат теңізі


жайлы әрі тарихи ежелгі қалалар


қонақжай халық


керемет жергілікті ас мәзірі


қолжетімді бағалар


Будва, Котор, Бар, Ульцинь сынды курорттар — шынайы тынығу мен күш жинауға таптырмас орындар.


Следите за новостями Taspanews