Абай облысындағы қаржы пирамидасы: пәтерлерді төмен бағамен беруге көндірген

Pexels фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 09:50
Фото: Pexels

Абай облысында «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Олар азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, мүлікті өзгелерге ресімдеген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар пәтерлерді үшінші жаққа ресімдеп, мұны «инвестициялық жарна» ретінде қажетті шара екенін түсіндірген. Азаматтардан мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивидент уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамның құрыққа түсіп, 790 миллион теңгеден астам қаражат бергені анықталды.


  «Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews