Абай облысында жоғалып кеткен малшы табылды

Малшы
Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысында Төтенше жағдай қызметкерлері 28-29 желтоқсан аралығында жоғалып кеткен малшыны тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Жарма ауданы, Қаратоған шаруа қожалығынан мал бағуға шыққан ер адам адасып кеткен.


29 желтоқсан күні, таңертең 1981 жылғы ер адам табылып, туыстарына жеткізілді.


Малшы зардап шекпеген.


Следите за новостями Taspanews