Абай облысында қалааралық автожолдарды тарылту әдісі қолданылады

P фото на taspanews.kz от 30 апреля 2025 12:29
Фото: Pexels

2025 жылғы 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында Абай облысы аумағындағы кей жол учаскелерінде жолды уақытша тарылту жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Семей – Өскемен бағыты бойынша Қалбатау ауылы маңында және Семей – Павлодар бағыты бойынша Қарабас ауылы маңында жол тарылады. Бұл 2025 жылғы 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында облыста өткетін «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінің аясында жүзеге асады.


Осылайша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсат етілді.


Следите за новостями Taspanews