Абай облысында әскери қызметші мен ата-анасы қаза тапты
Фото: Pexels
2025 жылы 28 маусымда Абай облысында жол апатынан мерзімді әскери қызметші мен ата-анасы қайтыс болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Құрлық әскерлеріне сілтеме жасап.
Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді әскери қызметшісі мен ата-анасы жол апатынан қаза тапты.
Құрлық әскерлері көңіл айтып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қаза тапқандардың денесі тұрғын жерлеріне дейін әскери бортпен жеткізіледі.