Абай облысы полициясы көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады

 Pixabay.com фото на taspanews.kz от 18 апреля 2025 23:13
Фото: Pixabay.com

Абай облысында ауа райының күрт нашарлап, қар жаууына байланысты жолдардағы жағдай жүргізушілер үшін аса қауіп туғызуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық ПД сілтеме жасап.


Қар жолды көруді қиындатуда. Осы орайда, жергілікті полиция жүргізушілерге жылдамдық бойынша ережелерді ескеру қажетін айтуда. Сонымен қатар, автокөліктер арасындағы қашықтықты үстану мен алыс сапарға шықпау ұсынылды.


Абай облысында қазіргі таңда температура -1-6 шамасында, облыстың оңтүстігінде +3 °C


Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар жаууда. Сонымен қатар, көктайғақ байқалады,. Облыстың оңтүстігінде тұман түсті.


Следите за новостями Taspanews