Абай облысы полиция департаменті жалған ақпаратты жоққа шығарды

Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 13:41
Фото: Pexels

Абай облысы Полиция департаменті онлайн мессенджерлерде тараған террорлық актілердің дайындалып жатқандығы жайлы жалған ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы ПД сілтеме жасап.


Онлайн мессенджерлерде мектептерде террористік актілер дайындалып жатқандығы жайлы ақпарат тараған. Полиция мұны жоққа шығарды. Халық арасында үрей мен алаңдаушылықты туғызбас үшін арнайы бейнежазба жарияланды.


«Ерекше ескерту: террорлық актілер туралы көрінеу жалған ақпарат тарату – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 18 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген ресми хабарламада. 

Следите за новостями Taspanews