800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өтті

Фото: Pexels

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы «Келешек мектептері» жобасы аясында 21 қалада, 14 ауылдық мектептерде 2126 педагог базалық курсқа қатысты, 35 мектеп қамтылды.


LMS платформасы арқылы жүзеге асырылған курста оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылды. Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылды.


739 ауыл мектептері және 1 387 қала мектептері мұғалімдері біліктілік арттыру курстарынан өтті. Олардың орташа еңбек өтілі – 13 жыл, жас мамандар үлесі – 23%.