8 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Астанада әлі де жаңбырлы күндер өтуде, ал Алматы мен Шымкентте температура жоғарылауда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, мезгілімен нөсер жауын жауады. Ауа температурасы +19 +21 градус. Түнде көшпелі бұлт жүріп, жауын жауады, найзағай ойнайды. Температура +12 +14 шамамында.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +27 +29 градус, түнде +19 +21 градус шамасында.
Шымкентте күн аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +33 +35 градус, түнде +18 +20 градус шамасында болады. Түнде көшпелі бұлт жүреді.