6 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 04 июня 2025 20:00
Фото: Pexels

2025 жылы 6 маусым күні Астана әлі де көктемнің жауынын кешеді, ал Алматы біршама жылынады. Шымкентте температура нағыз жаздың келгенін айқындайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап. 


Астанада күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Күндіз температура +23 +25 градусты, түнде +12 +14 градусты құрайды. Жел 15-18 м/с дейін жетеді.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура біршама көтеріліп, +31 +33 градусты құрайды, ал түнде +18 +20 шамасында болады. Жел жылдамдығы 3-8м/с болады.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +37 +39 градусқа дейін жетсе, түнде +20 +22 градусты құрайды. Жел жылдамдығы 8-13 м/с.


Следите за новостями Taspanews