5 мамыр бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels

Аптаның басында Астана, Алматы мен Шымкент тұрғындарын қолайлы, жайлы ауа райы күтеді, –деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


5 мамыр күні Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +20 +22 градус, түнде +5 +7 градус шамасында болады.


Алматыда да көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +28 +30 градус, түнде +12 +14 градус болады.


Шымкентте де жауын-шашынсыз, жайлы күн болады, көшпелі бұлт жүреді. Күндіз температура +33 +35 градус, түнде +14 +16 градус.