4 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels

2025 жылдың 4 маусымы күні Астана әлі де жаңбырлы болады, алайда Алматы мен Шымкентте ауа райы қолайлы көрініске ие, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ауа температурасы +27 +29 шамасында. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +16 +18 градус шамасында. Жел жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетеді.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +29 +31, түнде +16 +18 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +35 +37 градус, түнде +16 +18 градус шамасында. Жел жылдамдығы 5-10 м/с.