30 маусым бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
Астана күні жаңбырлы болса, Алматы мен Шымкентте ауа райы бірқалыпты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +23 +25 градусты, түнде +13 +15 градусты құрайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +30 32 градус, түнде +18 +20 градусты құрайды.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +34 +36 градус, түнде +17 +19 градус шамасында болады.