3 маусым бойынша ауа райы болжамы

Freepik фото на taspanews.kz от 03 июня 2025 08:25
Фото: Freepik

Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы біршама тұрақталып келуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz  "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Күндіз ауа температурасы +28 +30, түнде +13 +15 градусты құрайды. Жел 9-14 м/с дейін жетеді.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +27 +29 градусқа дейін көтеріледі, түнде +13 +15 градусқа дейін төмендейді. Жел екпіні – 3-8 м/с.


Шымкентте де күн жарқын өтеді. Күндіз ауа темпаратурасы +34 +36 градус, түнде +15 +17 градус құрайды. Жел жылдамдығы – 5-10 м/с.


Следите за новостями Taspanews