28 сәуір бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Қазақстанның 3 ірі қаласында температура тұрақталып келеді, алайда Астана тұрғындары әлі де сәуірдің жауынына төтеп беруге тиіс, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазГидроМет РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз температура +25 +27 градус шамасында, түнде +11 +13 градус.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +29 +31 градус, түнде +16 +18 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +34 +36 градус, түнде +20 +22 градус.