27 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 27 июня 2025 08:34
Фото: Pexels

Астана, Алматы қайта жаңбырлы күйге көшеді, ал Шымкентте ауа райы бүгін жайлы болмақ, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +21 +23 градусты, түнде +12 +14 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде мезгілімен жаңбыр жауады. Күндіз температура +27 +29 градусты, түнде +17 +19 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы – 14 м/с.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +32 +34 градусты, түнде +16 +18 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.


Следите за новостями Taspanews