26 маусым бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
Астана мен Алматыда ауа райы қайта құбылса, Шымкентте қалыпты күйде сақталады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Күндіз температура +21 +23 градус, түнде +10 +12 градусты құрайды. Түнде жауын-шашын болмайды.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +28 +30 градусты, түнде +21 +23 градусты құрайды. Түнде жауын жаумайды.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +30 +32 градус, түнде +19 +21 градусты құрайды.