25 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы біршама тұрақталып келеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +20 +22 градус шамасында болады. Түнде температура +9 +11 градусқа дейін төмендейді. Көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +34 +36 градус, түнде +21 +23 градусты құрайды. Күндіз жел жылдамдығы 13 м/с дейін жетеді.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +36 +38, түнде +21 +23 градусты құрайды. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.