24 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
24 маусым күні Астанада ауа райы құбылмалы болса, Алматы мен Шымкентте жайлы болмақ, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз температура +21 +23 градус, түнде +10 +12 градусты құрайды. Түнде жауын-шашын болмайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура күндіз +32 +34, түнде +20 +22 шамасында. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +35 +37 градусты, түнде +21 +23 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.