23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді

Фото: Pexels

23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді


2025 жылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қазақстан халқын алғаш рет осы айтулы күнмен құттықтады.


«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады,  – делінген Мемлекет басшысы құттықтауында.

Еске салсақ, 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу жайлы тапсырма берген.