23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді

Фото: Pexels
23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді
2025 жылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қазақстан халқын алғаш рет осы айтулы күнмен құттықтады.
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады,
Еске салсақ, 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу жайлы тапсырма берген.