23 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Астанада әлі де ауа райы жаңбырлы. Ал Алматы мен Шымкент тұрғындары шуақты күн нұрына бөленеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, мезгілімен нөсер жауын жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел соғады. Күндіз ауа температурасы +18 +20, түнде +14 +16 градусты құрайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +32 +34 градус, түнде +20 +22 градусты құрайды.
Шымкентте де көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +35 +37 градусты, түнде +21 +23 градусты құрайды. Жел жылдамдығы 8-13 м/с.