21 мамырда Қазақстан аумағында дауыл соғады
"Қазгидромет" мәліметіне сай, еліміздің бірқатар өңірлеріне 21 мамырға дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz. Тұрғындардан сақ болу сұралады – найзағай, қатты жел, шаңды дауыл, бұршақ және өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанады.
Маңғыстау облысы:
облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, 20 м/с дейін күшейеді. Ақтауда да найзағай мен 18 м/с жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қостанай облысы:
солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ және 23 м/с дейін дауылды жел болжануда. Орталығыlбатысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және 20 м/с дейінгі жел күтіледі. Оралда найзағай мен бұршақ болуы ықтимал.
Ақтөбе облысы:
солтүстік пен батыста – найзағай мен 18 м/с жел. Оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі, басқа аумақтарда – жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы:
түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысында – жоғары өрт қаупі. Өскеменде тұман болуы мүмкін.
Абай облысы:
солтүстігінде – тұман. солтүстік-батысы мен оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі, оңтүстік-шығысында – жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысы:
батысында – найзағай, орталығында – шаңды дауыл. Жел 20 м/с дейін жетеді. Өңірде ерекше өрт қаупі сақталады. Қызылордада – ең жоғары өрт қауіпі тіркеліп отыр.
Қарағанды облысы:
жел оңтүстіктен 15 м/с дейін соғады. Шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысы:
солтүстік пен батыс бөліктерінде – найзағай, жел 20 м/с дейін. Батысы мен оңтүстігінде – төтенше өрт қауіпі, шығысында – жоғары өрт қаупі. Павлодар қаласында найзағай күтіледі.
Атырау облысы:
найзағай, бұршақ және 15–20 м/с дейінгі жел болжануда. Атырауда да найзағай болуы мүмкін. Облыстың шығысында – жоғары, ал оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер ескертеді:
дауылды жел мен найзағай кезінде мүмкіндігінше үйден шықпаңыз, ағаштардан, билбордтардан және электр сымдарынан аулақ болыңыз. Өрт қаупі жоғары кезде от жағуға, қоқыс өртеуге және темекі тұқылын тастауға қатаң тыйым салынады.