2027 жылы үстел теннисінен Әлем чемпионаты Астанада өткізілетін болады

Фото: Pexels
Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында үстел теннисі өткізілетін елдер таңдалды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Қорытынды дауыс беру кезінде Қазақстан мен Франция елдері арасында таңдау жасау үшін дауыс берілді.
Нәтиже бойынша Қазақстан таңдалды:
- Қазақстан – 54,68 %
- Франция – 45,32 %.
Осылайша 2027 жылы чемпионат Астанада өткізіледі. Ал 2028 жылы Жапонияның Фукуока және 2029 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қалаларында өтеді.