2025 жылының маусым айына арналған салық күнтізбесі

Фото: ru.pinterest.com

Маусым — есепшілер мен кәсіпкерлер үшін ең қарбалас айлардың бірі. Айыппұлдар мен артық уайымнан сақтану үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қажетті есеп пен төлемдерді тапсыру мерзімдерін көрсететін түсінікті ақпарат әзірледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


16 маусымға дейін — акциздер мен филиалдар бойынша есеп


400.00 нысаны — сәуір айы бойынша акциз декларациясы.


421.00 нысаны — салық салынатын объектілер бойынша есеп (мысалы, компанияның филиалдары).


20 маусымға дейін — ЕАЭО шеңберінде тауар әкелу және салықтар


328.00 нысаны — тауарларды әкелу және мамыр айы бойынша жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.


ЕАЭО аясындағы мамыр айы бойынша ҚҚС. Мамыр айы бойынша акциз, соның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған өнімдерге.


25 маусымға дейін — аванстық төлемдер және әлеуметтік жарналар


Келесі есепті тапсыру және салықтарды төлеу қажет:


Корпоративтік табыс салығы (КТС) — маусым айының аванстық төлемі.


Төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС( мамыр айындағы қызметкерлер табысынан ұсталған салықтар).


Арнайы салық режимін мобильді қосымша арқылы қолданатын жеке кәсіпкелер төлейтін ЖТС.


Жеер, радиожиіліктер, сыртқы жарнама, лицензиялар, телефон байланысы сияқты ресурстар мен қызметтер үшін төлемдер.


Әлеуметтік және зейнетақы жарналары:


біріктірілген төлем,


әлеуметтік салық,


әлеуметтік аударымдар,


МӘМС жарналары (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру),


міндетті және кәсіби зейнетақы жарналары (соның ішінде жұмыс берушіден).


Ескерту


Бір күнге кешігу де өсімпұлға, айыппұлға және банк шотын бұғаттауға алып келуі мүмкін.


Бұл әсіресе есеп-қисапты қолмен жүргізетін жеке кәсіпкерлер