2025 жылы психологиялық қорғау орталығы 50 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті

Фото: Pexels
2025 жылы балалар мен отбасыларының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған психологиялық орталықтар 50 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Барлығы 21 085 топтық жұмыстар өткізілді. Ынтымақтастық бағыттары бойынша балалар, ата-аналар мен педагогтармен 639 топтық жұмыс жүргізілді. 3 311 рет мектептерге сапар жасалған.
Елдің 20 өңірінде Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Олар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған.