2025 жылы Қазақстанда бала туғанда қанша төленеді

Фото: Shutterstock

Егер сіздің отбасыңызда биыл сәби дүниеге келсе — мемлекеттен қаржылай көмек күтсеңіз болады. 2025 жылдан бастап Қазақстанда бала тууға байланысты төлемдер мөлшері ұлғайтылды, - деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қанша қаражат төленеді?


Бірінші, екінші немесе үшінші балаға —149 416 теңге


Төртінші және одан кейінгі балаларға — 247 716 теңге


Бұл — бір реттік жәрдемақы, оны жөргек немесе төсек орын алуға жұмсауға болады.


Ай сайынғы төлемдер


Сәби 1,5 жасқа толғанға дейін ата-аналар (немесе қамқоршылар) ай сайын мынадай мөлшерде жәрдемақы алады:


бірінші бала үшін — 22 648 теңге


екінші балаға — 26 777 теңге


үшінші балаға — 30 866 теңге


төртінші және одан кейінгі балаларға — 34 995 теңге


Кімдер жәрдемақы ала алады?


Бұл жәрдемақыны тек Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар қандастар мен Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер де ала алады. Төлемді баланың ата-анасы, сондай-ақ асырап алған немесе қамқорлығына алған адамдар рәсімдей алады.


Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыссаңыз, тағы бір жағымды бонус бар —соңғы екі жылдағы орташа табысыңыздың 40%-ы көлемінде қосымша төлем төленеді. Ал егер егіз немесе үшем дүниеге келсе — жәрдемақы әр балаға жеке есептеледі.


Министрліктің мәліметінше, жыл басынан берімұндай төлемдерді 294 мыңнан астам адам алған. Отбасыларға көрсетілген жалпы қолдау көлемі 300 миллиард теңгеге жуық қаражатты құрайды.