2025 жылы қаңтар-сәуір айлары қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ішкі өнім өсімі 6% құрады
ҚР Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша қорытындыда жалпы ішкі өнім өсімі 6% құрады. Одан бөлек, көлік, сауда салалары экономикалық өсім көрсетуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Көлік саласының даму қарқыны – 22,4%, сауда – 7%, ауыл шаруашылығы – 3,9 % және байланыс 2,6%-ға артқан.
«Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді»,
Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2 % құрады. Жобалар құнының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жерлерде қажетті үйлестіру қамтамасыз етіледі.
Одан бөлек, 4 ай ішінде көтерме сауда көрсеткіші 7,4 %-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға артты. Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысы жеміс пен көкөністер, фармацевтикалық тауарлар сататын кәсіпорындар есебінен, Ақмола облысы астық, тұқым мен мал азығын сататын кәсіпорындар, Шымкент дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын сататаын кәсіпорындар есебінен өсім көрсетті.
Ауыл шаруашылығының динамикасы да артып келеді.
«Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетуде. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құрады. Үкімет Президенттің еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының сапалы іске асырылуын бақылауда ұстайды»,