2025 жылы «Ембімұнайгаз» 79 тағылымгер студентті оқытады

Фото: Pexels
2025 жылы «ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымы «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістк алаңында дуалды жүйе арқылы 79 колледж бен жоғары оқу орны студенті тағылымдамадан өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Жобаға 3-4 курс студенттері қатысады. Дуалды оқыту кезеңі студент үшін өңбек өтілі ретінде есептеледі.
Дуалды білім беру теориялық және тәжірибелік кезеңдерден тұратын болады. Оқу орындарында алынған теория кен алаңында тәжірибе ретінде қолданылады.
Бағдарлама 2015 жылдан бері қолданылып келеді. 9 жыл ішінде 384 адам дуалды оқудан өтті. Онің ішінде 92 студент Ембі өндірісіне жұмысқа тұрды.
«Дуалды жүйе аясында 2015-2024 жылдар аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ аймақтық алты оқу орынмен ынтымақтастық орнатты: С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, APEC Petro Technic жоғары колледжі, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі, Қызылқоға аграрлық-техникалық колледжі»,