2025 жылы 36 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Фото: Depositphotos

2025 жылдан бастан Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін анықтау мен тоқтату бойынша жұмыстар аясында 86 мыңнан астам азамат қатысқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Жалған инвестициялық жоба туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды. Одан бөлек, 43 Instagram мен Telegram чат жабылды. 19 қаржы пирамидасы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.


  «Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы»,   – делінген ресми хабарламада.