2025 жылы 214 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 40 мың отбасыдағы 214,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында 8,1 млрд теңге бөлінеді. 2025 жылы бұл мақсатта бюджеттен 132,9 млрд теңге жұмсау қарастырылған.
Атаулы әлеуметтік көмек – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру шарасы.
АӘК берудің мақсаты:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтарына тоқсан сайын әлеуметтік көмек беру;
- табысы аз отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары үшін әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 сәуірге дейін АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 65 мың балаға 1,1 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмыспен қамту бойынша жәрдемдесу, біліктілікті арттыру курстарына жіберу, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беру.
АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты мекен-жай бойынша мансап орталықтарына, ауыл округі әкіміне және Электрондық үкімет порталы арқылы қалдыруға болады.
«Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан төмен емес деңгейде айқындалған»,