2025 жылдың 5 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артты

Pexels фото на taspanews.kz от 13 июня 2025 09:30
Фото: Pexels

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Өсім мал шаруашылығы өнімінің 4,2 -ға – 1,2 трлн теңгеге дейін артуымен байланысты болды.


«Мал басының өсуі байқалды: ірі қара мал – 23,4%-ға (9,7 млн басқа дейін), қой мен ешкі – 7,8%-ға (26,3 млн басқа дейін), жылқы – 112,0%-ға (5,0 млн басқа дейін), түйе – 8,5%-ға (321,3 мың басқа дейін), құс – 2,2%-ға (47,7 млн басқа дейін)», – делінген ресми хабарламада.

Өсімдік шаруашылығы өнімі 68,0 млрд теңгені құрады. Азық-түлік өнімі 10,5-ға көбірек өндірілуде. Сусындардың өндірісі 5,3 артты.


Одан бөлек, жекелеген азық-түлік көлемін өндіру көлемі артты.


«Өсімдік майы – 19,1%-ға (376,8 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 11,3%-ға (31,1 мың тоннаға дейін), сары май – 12,7%-ға (15,1 мың тоннаға дейін), ұн – 6,6%-ға (1 438,3 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – 4,3%-ға (106,2 мың тоннаға дейін)», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews