2024-2025 жылғы жылыту маусымы кезеңінде 187 адам қаза тапқан

Фото: Pexels
ТЖМ соңғы жылыту маусымын қорытындылай келе, ел бойынша 2024-2025 жылдың суық мезгілінде 4 000-нан астам өрт болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында 4 041 өрт тіркелген. 416 адам құтқарылса, 187 адам қаза тапты. 162 адам әртүрлі деңгейде күйік алып, уланды.
Бұл мәліметтер 2025 жылы 25 сәуірде Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен «Тұрғын үй секторындағы жылыту маусымының қорытындысы және өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы» тақырыбындағы брифингіде атап өтілді.