2000-нан астам сарбазға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан грант берілді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет атқарған солдаттарға жоғарғы оқу орнына түсу үшін мемлекеттік гранттар берілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
22 сарбазға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды. Олар ҰБТ тапсырмай оқуға түсе алады. 2010 грант Ғылым және жоғары білім министрлігінен азаматтық жоғары оқу орындарына, 253 орын Қорғаныс министрлігі әскери институттарына, Ұлттық ұлан академиясын 36 орын мен ҰҚК Шекара қызметі академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді.
Бұл сарбаздарды іріктеп алу үшін «Sarbaz 2.0» ақпараттық жүйесі құрылды. Онда тіркелген әскери бөлімдердегі сарбаздардың үлгерімі мен тәртібінің нәтижесі көрінеді.
«Конкурстық іріктеуге Қарулы күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызмет еткен 17500-ден астам сарбаз қатысты. Араларыңызда әскери оқу орындарына түсіп, офицер болуға шешім қабылдағандардың барына қуаныштымын»,