20 маусым бойынша ауа райы болжамы

Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы біршама өзгерістерге ұшырайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Температура +26 +28 градусты. Түнде де жауын-шашын жауады. Температура +16 +18 градусты құрайды.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде ауа райы тұрақталады – жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз температура +28 +30 градус, түнде +23 +25 градусты құрайды.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +33 +35 градусты, түнде +20 +22 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.