2 мамыр бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Ірі қалаларда ауа райы әлі де құбылмалы, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Температура +26 +28 градус шамасында. Түнде жауын-шашынсыз ауа райы орнайды, температура – +14 +16 градус.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +23 +25 градус шамасында. Түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, температура +12 +14 градусты құрайды.
Шымкентте ауа температурасы күндіз +32 +34 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашынсыз. Түнде температура +15 +17 градусты құрайды.