19 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 08:27
Фото: Pexels

Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қайта құбылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай соғады, бұршақ жауады. Күндіз температура +27 +29 градусты, түнде +20 +22 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +37 +39 градусты, түнде +21 +23 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.


Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +25 градусты құрайды. Ал түнде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +21 +23 градус.


Следите за новостями Taspanews