19 мамыр бойынша ауа райы болжамы: Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы жағдайы өзгереді

Фото: Pexels
Қазақстанның ірі қалаларында ауа-райы жағдайы біршама өзгерістерге ұшырауда. Астана мен Шымкент жылынса, Алматыға суық күндер келіп жетті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +20+22 градус, түнде +7 +9 градус шамасында. Желдің жылдамдығы – 5-10 м/c.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болады. Күндіз температура +20 +22 градус, түнде +11 +13 градус шамасында. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/c жетеді.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +26+28 градус, түнде +13+15 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы – 8-13м/c.