170 мыңнан астам колледж студенті оқу бітіреді

Pexels фото на taspanews.kz от 10 июня 2025 14:31
Фото: Pexels

2025 жылы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша оқуды 170 мыңнан астам студент аяқтайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Елде колледжер металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс секілді 15 негізгі бағыт бойынша оқытады. Осы білім ордаларын биыл 123 мың студент жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы дуалды оқыту жүйесі арқылы, 10 мыңнан астамы кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша бітіреді.


Жұмыспен қамту көрсеткіші 81 % құрады.


Айта кетсек, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту тегін жүргізіледі.


«Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews